Талға түнеген ай – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Талға түнеген ай» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2657
Талдың басына
Ұясын салған Ай. —
бардым қасына —
Тіл қатты, жалған-ай!
"Сүйемін" деді, -
Ай баяу күбірлеп.
Жиегіндегі
Мөлт тамшы дірілдеп.
Қайырмасы:
Ай тербеп терегім
Айтады өлеңін.
Ай айтқан сол сөзді
Әлдилеп келемін.
Сүйіп өтем ғой –
Әніммен тербеп мен.
Күйік екен ғой,
Қол жетпей — дем жеткен!
Сақта қайынды,
Дауылды Уақыт!
Аппақ Айымды
Алмаңдар құлатып!
Қайырмасы.
Менің енші еткен
Серігім - Жалғанда,
Сені көрсеткен
Мың алғыс Арманға!
"Шіркінді өпсем!" - деп,
Арман да айтылар.
Қыршын кетсем де
Төбемде Ай тұрар!..
Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талға түнеген ай өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Талға түнеген ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талға түнеген ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талға түнеген ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері