Асқақ арман – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Асқақ арман» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2640
Асқақ арман, аңсаған үміт әнім
Қалай ғана мен сені ұмытамын?
Жанарыңның жарқ еткен жалынына
Жабырқаңқы жанымды жылытамын.
Асқақ арман, аңсаған ақ маңдайлым,
Бақытымды өзіңмен тапқандаймын.
Көңіліме зәредей қаяу түссе,
Қабырғама батады батпан қайғың.
Асқақ арман, аңсаған ай қабағым,
Қазығыңа арқан боп байланамын.
Дөңгеленген сен Жердің өзі болсаң,
Серігің боп мен сені айналамын.
Асқақ арман, аңсаған ақтамағым,
Жыр ағынын алдыңда ақтарамын.
Шабыт алып өзіңнен, бағыт алып,
Ғасырларға келешек аттанамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асқақ арман өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Асқақ арман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асқақ арман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асқақ арман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері