Жаңбыр құдіреті – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жаңбыр құдіреті» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 964
Дүние
қап-қара боп түнердi.
Дүлейлi құйын соқты.
Әлдене сұранды...
Әлдене тiлендi...
Айнала түгел
Алау-далау,
Әлем-жәлем,
Ерең-серең болды.
Аласаң биiк,
Биiгiң төмен болды.
Тiршiлiк
Тұншығып құрысты.
Қара нарлардай
Ап-ауыр қара бұлттар
Төмендеп кеп
Теңiзден су iштi.
Көп iштi
Ырғалып...
Қарындары қампиып
Көкке көтерiлдi
Ыңыранып.
Жасындар жалтылдап ойнады.
Қара жаңбырдан
Көлдердiң бетi
Қара қазандай
Сақылдап қайнады.
Тамшыларымен
Тепкiлеп тоқтатты
Есiрген құйынды.
Аспаннан
Әуен,
саз,
өлеңдер құйылды.
Найзағайлар шатырлап
Қайта-қайта жанды –
Қара бұлттардың
Қампайған қарынын
Қайта-қайта жарды.
Құтқа толтырды
Сусырап жатқан жерiмдi.
Бұтқа толтырды –
Құрғақшылықтан! –
Қансырап жатқан елiмдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбыр құдіреті өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жаңбыр құдіреті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбыр құдіреті өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаңбыр құдіреті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері