Жиіркеніш

Бұл бетте «Жиіркеніш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 722
Назаланып опынған
не сұмдықты өткерiп –
адам көрдiм
отырған
өзiн-өзi жек көрiп.
Жас сорғалап көзiнен
қара бұлт бүркенiп,
отыр адам
өзiнен
жүрегi айнып жиiркенiп.
Күнiменен,
түнiмен
безер болып өзiнен –
бiр кездегi шiрiгiн
жиiркенедi сөзiнен.
Жанарынан нұр тайып,
айырылған күшiнен
бiр кездегi –
сұмпайы –
жиiркенедi iсiнен.
Қара түндi бүркенiп
былғап алған сезiмiн –
отыр адам жиiркенiп
өмiрiнен өзiнiң.
Сорлы болып сорлыдан
бара жатыр күнi өлiп...
Тұрды сонсоң орнынан
түндей болып түнерiп.
Көзiн ашпай сорадан,
жүн сияқты түтiлiп, –
бара жатты сол адам
өзiне өзi түкiрiп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиіркеніш өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жиіркеніш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жиіркеніш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жиіркеніш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері