Осы бір жан – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Осы бір жан» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 707
Аһ ұрса – көкiрегiнен! –
Қопарылыстар мен жарылыстардан
Күйзелген Семейдiң
Күл-топырақ
Демi шығады.
Шағынса –
Қара тас қақ айырылатын
Шерi шығады.
Жыласа – көзiнен!
Жас емес! –
Аралдың ап-ащы
Тамшысы тамады.
... Осындай жанды да
Келiмсектiң қанден итi
Балағынан қабады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Осы бір жан өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Осы бір жан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Осы бір жан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Осы бір жан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері