Өмір деген осы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өмір деген осы» атты Темірхан Медетбек жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 726
Каспийдің
Құмдақ жағалауында
Еңгезердей екі жігіт
Еңгезердей бір жігітті
Сабап жатты.
Жұрт біткен
Зорлық-зомбылықты емес
Цирк көргендей
Аңтарылып қарап қапты.
( Мұндайға мен деген
Ежелден әзір-ақпын)
Шыдай алмастан
Байғұс жігітті
Ұрып-соғудан
Ажыраттым.
Екеуі
“Жемтігін” тастай сап
Маған ұмтылды.
“Ой-ой” деген дауысым
Қылқынды.
“Қой-қой” деген дауысым
Қырқылды...
Енді бір қарасам:
Жаңа ғана
Мен араша түсіп
Таяқ жеп жатқан
Әлгі жігіт –
Өші кеткендей өршеленіп!—
Мені
Таспен соққаны!
Орнымнан есеңгіреп
Енді тұра бергенде
Баспен соққаны...
Мен араша түскен
Сол бір жігіт
Өзін сабаған
Екеуінен асырып
Бетімнен періп жатты.
Жығылып қалған мені
Бас-көзіме қарамай
Теуіп жатты...
Өмір деген осы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір деген осы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өмір деген осы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір деген осы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір деген осы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері