Iшiм менiң алай-дүлей борасын!

Бұл бетте «Iшiм менiң алай-дүлей борасын!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1521
Iшiм менiң алай-дүлей борасын!
Ағызатын көздiң жасын, сорасын
соғып тұрған қалтыратып жанымды
iшiм менiң алай-дүлей борасын!
Жанды мынау жәбiр сөзден құсалы
қиянаттың мұзы келiп қысады.
Қиқулаған қуанышым
көңiлдiң
мөлтеңдеген көлiн тастап ұшады.
Кеше ғана тамыр салып әрең бiр
өсiп шыққан үсiп кеттi өлең-жыр.
Дiрдек қағып Арманым мен Үмiтiм
қақап тұрған жел өтiнде желең жүр!
Шыдай алмай жаққан күйе-жалаға
сыздап ашып тұр ғой дерттi жара да...
Ұшып жатыр, ұшып жатыр бұрқырап
сағыныштың жапырағы сарыала!
Суығыңды шарпып соғып төзiмге,
түтек боран, безiлдесең безiлде.
Тұла бойым дiрiлдейдi шек құсап
ұлып көкке уiлдеген кезiнде.
Құлап түскен-сынды менiң тiрегiм,
қатып қалған сұп-сұр болып реңiм.
Торғай құсап бүрiседi суықтан
дiр-дiр етiп қалтыраған жүрегiм....


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Iшiм менiң алай-дүлей борасын! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Iшiм менiң алай-дүлей борасын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Iшiм менiң алай-дүлей борасын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Iшiм менiң алай-дүлей борасын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері