Мыстан кемпір

Бұл бетте «Мыстан кемпір» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1681
Алтын сақамды алам деп
«Отырса тұра алмайтын,
Тұрса отыра алмайтын»
Мыстан кемпiрмен алыстым.
Ол да қарысты,
Мен де қарыстым...
Бiр тiсiн жұлып ап
Тауға лақтырдым.
Тау қозғалып,
Теңселiп кеттi,
Жота-төбелер
Жер шөгiп кеттi.
Шыңдардың
Тоқсандағы шалдардай
Шашы ағарды
Тастары
Кесiлген бастардай домаланды.
Бiр тiсiн жұлып ап
Мұхитқа лақтырдым.
Мұхит
Тоқсан жыл қорланды.
Тоқсан жыл долданды.
Жағалаудан сарқырап төгiлдi.
Кемелерiң
Қақырып сөгiлдi...
Жеңiске жеттiм!
Жаным марқайып қанды.
Күн қайта шықты.
Жұлдыздар қайта жанды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мыстан кемпір өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Мыстан кемпір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мыстан кемпір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мыстан кемпір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері