Өлең, жыр, ақындар

Наурыз

  • admin
  • 31.03.2024
  • 0
  • 0
  • 518
Алдан күтіп бақ, ырыс,
Еңбек еткен мың сан күн.
Қаңтар, Ақпан, Наурыз
Ұлдары екен бір шалдың.

Жасы үлкенге жол беріп,
Кішіге сый арнапты.
Кең даланы көмкеріп,
Егін егіп, мал бақты.

Ауыл жұрты мақтапты,
Ана сүтін ақтапты.
Кіл сәйгүлік баптапты,
Баба салтын сақтапты.

Қылдан арқан есіпті,
Күй тартыпты қамысты ап.
Жарқын өмір кешіпті,
Бүркіт баптап, тазы ұстап.

Мекендеп тау бөктерін,
Гүлге ораған қонысын.
Сан жылдарды өткеріп,
Қартайыпты сол үш ұл.

Бірде таңда – сары уыз,
Өңі солып, бозарып.
Ең кішісі Наурыз
Көтерді қол, сөз алып.

«Қоштасатын таң келер,
Нашарлап – ақ тұр халім.
Өміріме әр берер,
Жоқ соңымда ұрпағым.

Салмап едім жатқа лаң,
Кінә артпап ем достарға еш.
Қайтпас сапарға аттанам,
Аз жас емес тоқсан бес.

Дұшпан күйіп, дос танып,
Өркен жайсын асарлар.
Мен өлген соң еске алып,
Жыл сайын той жасаңдар.

Ертең менсіз таң атпақ,
Қоштасар күн жетіпті.
Наурыз сөзін аяқтап,
Мәңгі ұйқыға кетіпті.

Думан қызып бөктерде,
Таңдап сан мал сойдырып.
Келесі жыл көктемде,
Еске алыпты ел той қылып.

Көкпар тартып, жамбы атып,
Ауыл үстін шаңдатып,
Әуезді әуен бал татып,
Кетіпті екі – үш таң да атып.

Күніне қой, тай сойып,
Думанға бұл таң қалып.
Тойлапты бір ай бойы
Сайран салып бар халық.

Шуақ сеуіп жанға ізгі,
Билепті қарт, жас бірге.
...Тойлап өту наурызды,
Айналыпты дәстүрге!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екінші суайт

  • 0
  • 0

Қыста жерден гүл тердім,
Айдан түсіп шанамен.
Отын үшін мың бөлдім,
Бір өзенді арамен.

Толық

Қобыз үні

  • 0
  • 0

Халқы сүйген бір батыр ұл даңқты,
Бөтен елде қоныс теуіп қалыпты.
Ал сол елде бағы оның жаныпты,
Бау – бақшалы сарай салып алыпты.

Толық

Бірінші суайт (ІІ)

  • 0
  • 0

Жалында ойнап құр аттың,
Аңшылықты ұнаттым.
Кинодағы қасқырды
Көздеп атып құлаттым.

Толық

Қарап көріңіз