Біз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Біз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1212
Шара, Сары,
Мұрат, Нары,
Гөзел, Шекер,
Тұрсын, Жапар,
Миша, Майдан,
Батыр, Богдан,
Гандым, Нарлы,
Надя, Нұрлы,
Жақан, Зоя,
Иван, Мая,
Эдик, Аня,
Шура, Саня...
Атымыз бөлек,
Еліміз бір.
Маңсатымыз,
Жолымыз бір.
Тіліміз бөлек,
Тілегіміз бір.
Жасымыз бөлек,
Жүрегіміз бір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері