Кім? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кім?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1691
– Шөлге кім гүл еге алар?
– Мен!
– Шөлде кім мал баға алар?
– Мен!
– Көшіріп жүр жонды кім?
– Жел!
– Өшіріп жүр жолды кім?
– Жел!
– Кім даланы желпіп жүр?
– Самал!
– Кім далада жортып жүр?
– Марал!
– Шөлге кім дос сенімді?
– Жауын.
– Гүлдендірген жерімді?
– Қауым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері