Өлең, жыр, ақындар

Жүргенім-ай

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3963
Жүргенім-ай
ештеңені, ешкімді сағына алмай
(сағынышсыз тірліктің мәні қандай?!).
Жүрегімде жараның табы бардай.
Қайда кеткен көңілдің бұлаң шағы
бір құласа құлайтын жаны қалмай?
Енді бүгін құба жон, құла түзде
иесіз қалған үйдеймін шамы жанбай.
Өліп-өшкен әйелін, еркектерін
(сезе тұра сезімін, селт етпедім)
жақсы көргім келіп-ақ шын ниетпен
жанұшырып, жүректі жентектедім.
Кешпегендей сергелдең күйді бастан
(қалай сонау күндерден мен шеттедім?)
елемеймін сезімін, шен-шекпенін.
Тірлігімде
талай сөндім, қайтадан тағы атылдым,
тылсым-нәрін тамсадым қара түннің.
Күлге айналар сәтімде ұшқындатты
менің сансыз жанашыр аға, құрбым,
сол ниеттен қуат ап таң атырдым.
Күйіп-жанып күй кештім, тұрғандай-ақ
қақ үстінде қалтылдақ қара қылдың.
Сонда маған, сағыныш, ара тұрдың.
Енді неге мына мен салқын, сұрғылт
бір әлемге айналып баратырмын?
1985


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жайып салам жүрегімді

  • 0
  • 0

Аңсайды туған үйін қайда да адам,
Қам көңіл табады тек содан емін.
Егерде тірі жүрсе қайран анам,
Мүмкін мен ұлы ақын да болар едім.

Толық

Табиғат – дала

  • 0
  • 0

Табиғат – дала
бір сәт
анашым, саған ұсап
күрсінеді, солады,

Толық

Түрмеге хат

  • 0
  • 0

Салғандай тыпырлатып жанды мұзға,
шырылдап күн кешсем де қарлы құзда,
жүргенде Сіз биікте, білесіз ғой,
бармап ем «ағатайлап» алдыңызға.

Толық