Өлең, жыр, ақындар

Жезденің жетегінде

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2246
Бар еді досым жиырмадан асқан,
Диплом алып, алшаңдап басқан.
Ойнады-күлді, жыртаңдап жүрді,
Қаланы кезіп, қыз таңдап жүрді.
Ақыры бір күн сұлуды көрді,
Ынтасы ауып, соңынан ерді.
Имандай сеніп, жүрегін бұрды,
Үйленбек болып, білегін түрді.
Уақыт, бірақ, созыла берді,
Жасына жасы қосыла берді.
Бір күні одан сұраған едім:
– Таусылды, достым, шыдамым менің.
Үйлену тойың болады қашан?
Көңілім шалқып, толады қашан?
Қипақтап досым түнере берді:
– Күлерді тойдан үзе бер енді.
Бар екен оның жездесі пысық,
Балдыздың қатты кеудесін қысып,
Жұмысқа алып барады екен,
Қайтарда шығарып салады екен...
Кездесу содан қиындап кеткен,
Махаббат деген тиын боп кеткен.
Сонымен достым жырақтап қалған,
Тойлары болмай, ұятқа қалған.
Атанды ол қыз кәріқыз енді,
Жұбаттық досты бәріміз енді:
«Отыз жас әлі таймаған жасың,
Бойыңда күшің қайнаған жасың.
Қыз деген көп қой, табасың бірін,
Керемет жауһар тағасың гүлін!».
* * *
Оралмас күнге ымыра бар ма?
Жылжыды жылдар зымырап алға.
Қылықты қыз да қырыққа келді,
Жігіт те жылдам ырыққа көнді.
Ынтыға сүйіп нұр жүзді, өңді,
Тағы да таңдап, бір қызды көрді.
Болса да ол қыз кет әрі емес,
Оп-оңай қолы жететін емес:
Досымыз байқап аңдаған кезде,
Бар болып шықты онда да жезде.
Жұмысқа барса, қайтса да үйге,
Қалмайды екен қасынан мүлде.
Досымыз қызға жақындай алмай,
«Жездесін әлгі» тақымдай алмай,
Тағдырға мұндай күйеді екен,
Қызды ондай неге сүйеді екен?
Жеңгесінің жетегінде жүрсе,
«Жездесінің» етегіне кірсе,
Ондай қыз жар боп, оңдырар кімді?
Жайқалып тұрған солдырар гүлді.
Көбейтіп санды, кәріқыз болып,
Көгертпес елді сәніміз болып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Наурыз келді

  • 0
  • 0

Наурыз келді күлім қағып,
Тал-теректер бүрін жарып.
Бірін-бірі құттықтайды,
Қыз-жігіттер гүлін алып.

Толық

Жүрген жоқпын кілкіп қазы-қартаға

  • 0
  • 0

Жүрген жоқпын кілкіп қазы-қартаға,
Артық ақша түскен де жоқ қалтама.
Ағайындар, айтыңдаршы әділін,
Байлықпенен абыройым арта ма?

Толық

Саңырық

  • 0
  • 0

Ошақты Тасжүректің Сейітінен,
Танисың Саңырықты кейіпінен.
Ерекше батырлық пен мергендігін
Айтады аңыз етіп кеңітіп ел.

Толық

Қарап көріңіз