Сатқынға – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сатқынға» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 587
Еліңнің рухын саттың —
Өмірдің ұрығын саттың.
Дініңді саттың,
Тіліңді саттың,
Саттың!
Лас пен балшыққа
Белшеңнен баттың.
Дәл қазір
Сенің атың аталса,
Кім-кімнің де
Көк ала түтінге
Іші тұнады.
Дәл қазір
Сенің атың аталса,
Ашулы сөздерден
Оқ- дәрілердің
Иісі щығады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері