Өлең, жыр, ақындар

Ұйқамақ

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 915
Ел билеген бір бастық,
Жүрді зор боп дүр бастық.
Түкірігі жерге түспеді,
Өз білгенін істеді.
Мемлекеттік қаржының
Жұтып қойды жарымын.
Жалдап жалшы малайды.
Салдырып зәулім сарайды,
Сарайы біреу болмады,
Біреуі тіреу болмады.
Сарайлары бесеу болды,
Одан әрі өсе берді.
Біреуін анасына,
Біреуін баласына,
Біреуін нағашыға,
Біреуін қатынына,
Сыбайлас жақынына,
Алдын ала қамдатып,
Жаздырып қойды заңдатып.
Ол сарайларда бәрі болды.
Бір аймақтың сәні болды.
Ұзыннан-ұзақ дәлізі болды,
Шомылатын әуізі болды.
Ат шаптырым орманы болды,
Қалың да биік қорғаны болды.
Дәлірегі – тоғайы болды,
Тоғай толы торай болды.
Тоты құсы, тауысы болды,
Мың құбылған дауысы болды.
Аулайтұғын көп аңы болды,
Тиімдісі қояны болды.
Демейсің қапы қалды,
Керегінше атып алды.
Тамақтанатын кафесі болды,
Ішімдіктердің көкесі болды.
Не ішіп, не жеймін демеді,
Бәрі дайын керегі.
Ішкенінше ішті,
Кекірік атты, құсты.
Бәрі де тамаша,
Ешкім көрмейді, оңаша.
Бірақ, жалығып кетті,
Жалғыздықтан қамығып кетті,
Қабағы түсіп, қамығып кетті.
Сыбайластарын сағынып кетті.
Алайда, оларды көре алмайды,
Қасына келе алмайды,
Ақыл-кеңес бере алмайды.
Өйткені, ол «Үйқамақта» –
Арнайы сыйтабақта.
Тек жеке жүруге еркі бар-ды,
Бір күні баласын ертіп алды.
Енді оянып келе жатқан санасы,
Бірінші сыныпта еді баласы.
Әр нәрсені сұрай берді,
Бір сұрағында былай деді:
– Әке, сізді газеттерге жазып,
Мемлекет мүлкін шашып,
Керегінше қалтасына басып,
Барынша асады дейді,
Ауыр қылмас жасады дейді.
Барып тұрған обыр дейді,
Сол үшін «үйқамақта» отыр дейді.
Сіз отырған жоқсыз,
Ұрып-соғылған жоқсыз.
Қайғысыз, мұңсыз,
Курорттағыдай жүрсіз.
Мына жер сізді тыңайтады,
Қылмыскер деп кім айтады?
Шын қылмыскер түрмеде,
Тас қамал іргеде
Отырмай ма омалып?
Жазасын алып, қамалып?
* * *
Әкесі ашумен тарпып қалды,
Баласын шапалақпен тартып салды:
– Ауызыңды жап, балам,
Жөн болар тәртіп сақтаған.
Артын қысқан бай болады,
Бұл жаза саған сай болады.
Менің жүрген жерімді «үйқамақ» дейді,
Мендейлерге тартылған сыйтабақ дейді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ішіп кетті

  • 0
  • 0

Бірінші рет бірер күн ішіп кетті,
Ішіп кетті –
Лақылдата құсып кетті.
Екінші рет бір апта ішіп кетті,

Толық

Қалдың сен талай рет көрмеймін деп

  • 0
  • 0

Қалдың сен талай рет көрмеймін деп,
Кеттім мен талай рет келмеймін деп.
Осынша дау айтқызып, өрекпітіп,
Осынша кердеңдеткен нендей міндет?

Толық

Сен мені түсінбейсің

  • 0
  • 0

Сен мені түсінбейсің, түсінбейсің,
Әйтеуір түсініксіз пішімдейсің.
Өзіңді өзгелерден артық санап,
Ерекше жаратылған мүсіндейсің.

Толық

Қарап көріңіз