Өлең, жыр, ақындар

Туған күн

  • admin
  • 07.09.2024
  • 0
  • 0
  • 361
Мамыражай, он алтысы мамырдың,
Бергеніне тәубе десіп Тәңірдің,
Туған күнін тойлағалы баламның
Үстіндеміз ду-ду, абыр-сабырдың.
Меймандарым мереке еткен төргі үйді,
Оны-мұны сөз етісіп сергиді.
Сәнмен келген сыйлықтардың қасына
Қуыршақ пен қонжық та кеп қонжиды.
Той дегенде епті қол мен күш кем бе?
Табылады іс ниет болса істерге.
Көрші сіңлім балаларды қуып жүр,
«Бармаңдар, - деп – қонақ күтер үстелге».
«Ғафу» десіп кешіккендер ашты есік,
(Кірді осылай үйге естияр жас көшіп).
Ас та келді, естіледі үн төр жақтан
«Бізге ерте, сізге мынау бас» десіп.
Тағатсыз ғой, балам әрең шыдап тұр.
Жан-тәнімен, бар демімен қуатты
Торт үстінде жеті бірдей шаншылған,
Өшірді үрлеп жанып тұрған шырақты.
(Осы күні еліктейді ел кімге?)
Кісілі боп жатқан жоқ қой төр күнде!
Сұрарыңды сұрамай-ақ алсаң да,
Шырағымды, шырағымды сөндірме!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аналарым, ақ самай әжелерім

  • 0
  • 0

Аналарым, ақ самай әжелерім,
Сендердей мен де өмірге дән егемін.
Еркелігім шығар тек, жетпей жүрсем,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Сенімімді сетінетпе

  • 0
  • 0

Сенімімді сетінетпе,
Беретұғын сен емес пе ең жанға дем,
Көз жанарың алдай алмас аңғал ең.
Сағыныш Намазшамова

Толық

Өмір, өмір...

  • 0
  • 0

Өмір, өмір...
Көз алдымда көлбейді
бір қараңғы, бір жарық.
Сағыныш Намазшамова

Толық