Күнмен бірге жасайды (екінші өлең) – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Күнмен бірге жасайды (екінші өлең)» атты Сәбит Мұқанов жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 649
(Тайырдың азасына)

Мөлтілдеп қанды жасқа толғанда көз,
Тұрғанда жан жаншылып, болып ез-ез,
Мезгілсіз сөнген шақта жалынды ақын,
Не деуге түспей қалды аузыма сөз.
Түскені — «Тайыр!» деген ардақты ат.
Денеме сол сөз ғана берді қуат.
Қайғының қара бұлты басқан жанға,
Есімі күн боп шықты жәйма-шуақ.
Аздаған сөз оралды сонда тілге,
Жырымен соққан сарай, берік ірге,—
Жароков Тайыр ақын жасай бермек
«Тіл қатқан» мәңгі сөнбес күнмен бірге.

1965


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері