Тайыр Жароковке (бірінші өлең) – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Тайыр Жароковке (бірінші өлең)» атты Сәбит Мұқанов жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 700
(50 жасқа толуына)

Сен ойлайсың өзіңді «қумын мен» деп,
Бол, болма,... отаныңа еткен еңбек
Өз тіліңмен айтқанда,— сан шөлдерді,
Суарды таусылмайтын «Тасқын»— сел боп.
Кейде өлеңің жұлдыз боп аспанда ақты,
Оған да ажар беріп жарқыратты.
Сондықтан да советтік азаматтың
Бәрінен бұрын саған «Күн тіл қатты».
Күннен де әрі ұша бер, үстін баса!
Қалмасын, сен көрмеген ешбір таса.
Ол үшін тілейтінім: денің сау боп,
Сүйікті Мүнираңмен ұзақ жаса.

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері