Таңдарыма таң қалам да тағдырлы – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Таңдарыма таң қалам да тағдырлы» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1402
Таңдарыма таң қалам да тағдырлы,
Еңсеремін еңсе басар бар мұңды,
Көңілімнің гүл бақшасы сарғайды,
Күте-күте көктемдегі жаңбырды.

Құштар көңіл елік сынды қашаған,
Алып ұшқан аптығымды басады ән,
Күй тартады шемен толы бұл кеуде,
Не жазып ем жасаған….

Жүрегімді тілкімдеді кешегім,
Ернеуінен у жұтқызып кесенің,
Өрнексіз ой ойсыратты бір кезде,
Тасасынан тас жіберіп көшенің..

Алдамшы өмір бақ пен соры алмасқан,
Кінә артпан көңіліме алдаспан,
Сырға толы сағыныштың сандығыын,
Бір ғажайып таңға ашқан…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері