Ешбір ісім болмаған нала-мұңмен

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.10.2021
  • 0
  • 0
  • 439
Ешбір ісім болмаған нала-мұңмен,
Нелер есте сақталды бала күннен.
Ақ әжемнің құшағын сағындырар,
Қайран көктем, гүл жайнап, дала күлген.

Алты қырдың астында ауыл қалды,
Аға қалды, ақеділ бауыр қалды.
Қайран бабам аңсаймын сенен қалған,
Ат тұяғы тоздырған жауыр жалды.

Сағыныштың санамды мекен етіп,
Туған өлкем өсірдің сетер етіп.
Қиялыммен көгершін құсқа айналып,
Темір тордың үстінен кетем өтіп.

Жырға қосып атыңды жебейін бе,
Жыр моншағын көмейден терейін бе,
Ақша бұлтқа айналып Майлы саған,
Жанарымның жаңбырын себейін бе?!

Неге ғана сен жаққа алаңдаймын,
Бұрып тұрар бүйрегім саған дәйім.
Түсімде ылғи қол бұлғап тұрғандайсың,
Жұмақтағы аяулы анамдайын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ешбір ісім болмаған нала-мұңмен өлеңінің авторы кім?

Гүлманат Әуелхан — осы өлеңнің авторы.

Ешбір ісім болмаған нала-мұңмен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ешбір ісім болмаған нала-мұңмен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлманат Әуелхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ешбір ісім болмаған нала-мұңмен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері