Алдарқатып көңілді күн күледі – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Алдарқатып көңілді күн күледі» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алдарқатып көңілді күн күледі,
Сүйрелейді тереңге мұң түнегі.
Аярлығын көргенде дүниенің,
Көкіректе көп шындық іркіледі.

Байыз таппай кей шақта, жаным мүлде,
Сіңіп бара жатамын сағым күнге.
Мынау тірлік тырбаңы қажытқанда,
Қалмағанын сеземін сабыр мүлде.

Жақсы көрем, біреуді жек көремін,
Жүрек мына іздеген көктен емін.
Ізгіліктің жалғыз тал дәнін тауып,
Жанымның бақшасына еккен едім.

Сағынышқа батырып санамызды,
Қоңыр күймен тербетер дала бізді.
Қарлығаш қанатындай қайран өмір,
Ала берме қырыңа қара қызды…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері