Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Жамбылдың халық үшін қалған жасы

Бұл бетте «Жамбылдың халық үшін қалған жасы» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.08.2018
  • 0
  • 0
  • 11575
Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көп аңсаған бүгін жеттің
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Француз, Испан, Үнді, бүкіл одақ,
Оқыдың арнап жазған хатын Жамбыл,
Ел сөзі әрі мақтан, әрі міндет,
Сөзіңді терең ойға батыр Жамбыл.
Құйған соң алқабыңа нұр тасқыны
Мұхиттай шарықтаған тасы Жамбыл,
Тасытқан Сталиндік алтын ғасыр,
Сондықтан көкке жетті басың Жамбыл.
Сүңгі де түбі терең тұңғиыққа
Жырыңның жина қымбат тасын
Жамбыл.
Қаймағы адамзаттың көсем үшін
Татымды жыр шербетін сапыр Жамбыл.
Өң берген, өpic берген, өмір берген,
Тойыңа бақыт, ырыс шашу Жамбыл,
Халыққа соны берген заманыңды
Шарықта, шыңға шығар атын Жамбыл!
Күш құйған жүрегіне, жігер берген
Ардақтап, артық сүйед халқын Жамбыл.
Бір минут оны ойынан шығара ма
Жасаса тағы жүз жыл жасын Жамбыл.
Халық үшін терге төсеп төсек етер
Ағарған сақалы мен шашын Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.
Мен Жамбыл ғасыр тұрған жүздегі қарт, •
Сайлауға ұсыныпты ел, депутат.
Депутат — Ұлы Совет мүшелігі,
Қол жетпес ұлы міндет, орны қымбат.
Есалаң ел басқарған қауымдарға
Мендей қарт күн етеді қайыршылап,
Қай уақта ел сайлаған қадірлісін
Жүргенде бірі күліп, мыңы жылап?
Болмаса Сталиндік күндей заңы
Еш елде болмақ емес адам азат:
Сайлауға сүйген ұлын ұсынуға
Қолында ердің ерік болуы шарт.
Сондықтан бізде ғана бірдей сайлау
Талғаусыз қатысатын бар азамат;
Мейрімді бірлік берік, қою достық,
Жайраңдап, не істесем көңілім шат.
Мейілі — мың жасасын, жүз жасасын,
Мұндай күн көрген емес еш адамзат.
Лениншіл-Сталиншіл большевиктер,
Елімнің ұйтқысы мықты ынтымақ.
Тірегім коммунистік қызыл туым,
Жеңімпаз жеңілмейтін күшті қуат.
Ел сенген депутаттық кандидаты
Ішінде кандидаттың Жамбыл қарты.
Ұл десе ел, басымды иіп қызмет етем
«Төрелік» депутаттың емес аты.
Ол маған өз дауысын сеніп бермек,
Мойнымда Алатаудай елдің ақы.
Біткенше ақырғы дем айтам жырын
Елімнің үстем болсын мәртәбасы.
Соғайын асыл жырдың асқар тауын
Түскендей күллі әлемге шұғыласы.
Көркейіп көркем өнер өрістесін,
Шарықтап шат елімнің салтанаты,
Өңім — қарт, өмірім — жас қажымайтын,
Қуатым Сталиннің шарапаты.
Мен әскер, сап алдында садақ тартқан
Елімнің өшпенді жау келсе қасы.
Жырымның жанарланған болмақ гүлі
Отанның өрлеп өскен шаруасы.
Сайлаушы халық алдында ант етемін
Жамбылдың халық үшін қалған жасы.
Тынымсыз күні-түні етпек қызмет
Жамбылдың кәрі жаны, домбырасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жамбылдың халық үшін қалған жасы өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Жамбылдың халық үшін қалған жасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жамбылдың халық үшін қалған жасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жамбылдың халық үшін қалған жасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері