Жұтылу
- 0
- 0
Жаны мен тәні бөлінген,
Періште көрдім көгімнен.
Төсіне сіңді даланың,
Шуағы күннің төгілген.
Бұл бетте «Сағыныштың сал әнін салып өткен» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеудемнің қобыз мұңын тыңдап ғалам,
Мелшиіп қара тау тұр тіл қатпаған.
Кеудемде сағыныштың сазы еседі,
Жанымның терезесін мұң қаптаған.
Таңдарыма таң қалам да тағдырлы,
Еңсеремін еңсе басар бар мұңды,
Көңілімнің гүл бақшасы сарғайды,
Күте-күте көктемдегі жаңбырды.
О, арман-ай елесіңе арбалдым,
Шақырады таңғажәйіп таңдар мың
Ен далада жалғыз жортып түн қатам,
Менің бейбақ арманымды жалғар кім..
Әнмен әрлеп өмірін жырмен өрген,
Кеудесіне тағынып гүлден өрден.
Кетті Ерағам аттанып жұмағына,
Ала алмай есебін күннен өлген.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі