Өлең, жыр, ақындар

Миллиард

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 422
Миллиард деген ірі сан,
Жеңіл — айтар ауызға.
Салмағын оның орасан,
Жеңіл деп айта алам ба?!
Біздің осы миллиард, —
Миллиард сомнан құндырақ,
Әр түйірі бриллиант
Дән тасқыны тұр құлап.
Мекені еді бұл дала —
Бұрын тек аң, құстардың,
Қарарсың бүгін таңдана,
Көркі ол Қазақстанның!
Жапан түзде бұрынғы
Жел ойнақтап ысқырған
Тың тулағы түрілді,
Дән туғызды күш қырдан.
Тың алқапқа егілген
Қостанайдың астығы
Болды ақ маржан төгілген
Ақ бидайдың тасқыны!
Тың қойнынан тұңғиық
Павлодар, Ақмола —
Тонналап дән тұр құйып,
Еңбегіне ел мақтана.
Тыңда толы комбайн,
Танкі табан трактор —
Өндіріп қыр бидайын,
Қимылы да ұнап тұр.
Тракторшы күздікті
Жыртып қойған еңкуден,
Комбайншы көз тікті
Бидайға аққан бункерден.
Украинадан, Киевтен
Келген мың-мың құрбыны
Көрсең: — қарар биіктен
Болған тың жер тұрғыны.
Бұл тың жерге жас маман,
Аз-ақ шығар келмеген.
Басқан бірге дос қадам,
Жергілікті елменен.
Дән өндірген тың қырдан
Мың-мың жастар қолдары,
Ел дәулеті мыңғырған,—
Сайрайды алда жолдары.
Қазақстан тың жерден
Миллиард пұт астықты
Отанына берді елден
Ту қып ұстап достықты.
Осы бір біздің миллиард,—
Миллиард сомнан құндырақ,
Әр түйірі бриллиант —
Дән тасқыны тұр құлап!
Қабыл ал,— Отан, Партия!—
Сыйлығын тартқан ел жомарт.
Арнады сенің атыңа
Астығын пұт миллиард.

1956



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ажал мен өмір

  • 0
  • 0

Адамзат өсіп, өніп түрге енеді,
Ағаш та көктем туса бүрленеді,
Аяймын, тек аз ғана өмір сүріп,
Гүл неге семер болса гүлденеді?

Толық

Қызыл әскер

  • 0
  • 0

Қуат қайнап құйқылжыған қырандар,
Қажыр қайтпас, қырағы қырғи ұландар.
Жауға қаптап,
Шығып сап-сап,

Толық

Колхоз даласында

  • 0
  • 0

Асқар-асқар, таулы тастар
Зеңгір құзды шалқар көл,
Раушан гүлді,
Самал желді

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар