Ноқта – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ноқта» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1113
Енесінің бауырында,
Еркін ойнап жүрген құлын.
Тулай-тулай тұңғыш рет
Құрдан ноқта киді бүгін.
Шапшып, көкке бұлқынады,
Жұмсайды бар сәби күшін.
«Ей адамзат, ұнамайды», –
Дейді-ау, сірә, – «мынау ісің!»
Бұлқынба сен, бұла сәби,
Заңына өмір келме қайшы.
Тағдырына тап келсе егер,
Ноқта кимес асау қайсы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері