Адамдық – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Адамдық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған адамгершілік туралы өлең берілген.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 867
Қаласаң, қоныс тынығар,
Қаласаң, доспын сыр ұғар.
Қалтырап тоңған шағында
Қаласаң, отпын жылынар.
Қаласаң, тіпті өзіңмін,
Қаласаң қара көзіңмін.
Есейген көптің арманы –
Қаласаң, бала кезіңмін.
Қаласаң, көкте күніңмін,
Қаласаң, аға-ініңмін.
Өміріңнің жалғасы
Қаласаң, көктер гүліңмін.
Қаласаң, адал жарыңмын,
Қаласаң, тіпті барыңмын.
Қаласаң, мені дос тұтсаң,
Демессің әсте жанылдым.
Жанымды достым, адал үк!
Анамның аты – адалдық.
Ағасы – ақыл, інісі – ар,
Біліп ал атым адамдық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері