Өмір деген...
Өмір деген ағады ағын судай
Кіршіксіз мөлдір бұлақ бастауындай
Бес күндік қайтып келмес өміріңнің
Бір жылатып,бір күлдіртер жалғанынай
Өмір деген әткеншек тербетеді
Биік шыңға бар екпінмен көтереді
Бірақ қайта құлдыраған сәттерінде
Тұра алмастай тасқа маңдай тигізеді
Өмір деген биік шың жеткізбейтін
Тұман басып,болашақты көргізбейтін
Кейде құлап,сүрініп бұл өмірде
Аяғыңды тұсаулап,жүргізбейтін
Өмір деген қара бұлт найзағайдай
Жарқырайды кең дала жазық маңдай
Аспанды бұлт басқан соң,күн шығады
Қиындықпен алмасқан алтын таңдай
Өмір деген тасқын су тағдыр болып
Адастырар жолыңды жүрек солып
Кейде Тынық мұхиттай тына қалар
Басқа берген бақыттың құсы қонып
Өмір деген ақ пен қара теңеспеген
Бұл өмірде бәрі болар еш күтпеген
Біреу алдар,біреу сыйлар жан-тәніңді
Зымырап уақыт ешкімді де жеткізбеген
Өмір деген қайта келмес күн дейді
Бұл өмірдің құпиясын білмейді
Сынақ болса,өмір қию жөн емес
АЛЛА құлға көтермес сынақ бермейді
Өмір деген айна сияқты мың көркем
Қолға алып,өмірге жаздым бір өлең
Өмір деген бір мүмкіндік келмейтін
Сонда да мен өмірді жақсы көрем...
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі