Бұл бетте «Қурай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн күлімдеп көктемде,
Алтын нұрын төккенде,
Жасыл желек бал қурай
Жайқалады көк белде.
Жазғы мезгіл болады,
Қурай өсіп толады.
Дыраудай боп діңгегі,
Жапырағы солады.
Көрсең сонда қурайды.
Бірте-бірте қурайды
Жасап одан сыбызғы,
Халық үнін тыңдайды.
Күйші күйге басады,
Көңіл шалқып, тасады.
Тамылжыған тәтті әуен
Алты қырдан асады.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі