Тасбақа – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тасбақа» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3735
«Асты-үсті тарғыл тас,
Ортасыңда шандыр бас»,
Анау-мынау жауына
Оңайлықпен алдырмас.
Асықпайды үнемі,
Аяқтары – тірегі.
Сағатына тасбақа
Жүз-ақ метр жүреді.
Түздің тағы түлегі
Теңбіл-теңбіл түр-өңі.
Тасбақалар өз үйін
Өзі арқалап жүреді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері