Бақбақ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бақбақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2040
Көктем келген шақта,
Қыр басында қаптап,
Секілді аппақ мақта
Жайқалады бақбақ.
Бақбақтарды үрлеп,
Ұшырамыз желге.
Парашюттей гулеп,
Қонып жатыр жерге.
Ұша білсем, шіркін.
Секілді сол бақбақ», –
Деп армандап жүрдім,
Өзімді-өзім баптап.
Өтті талай көктем,
Ұша білдім шалқып.
Парашютпен көктен
Түстім жерге қалқып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері