Жалғыздықпен таппай жүргенде ем – Махаббат Самрат

Бұл бетте «Жалғыздықпен таппай жүргенде ем» атты Махаббат Самрат жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жалғыздықпен таппай жүргенде ем,
Жалғыздықпен таппай жүргенде ем,
Мен өзіңмен жолығып қалып ем.
Көктем мезгілін ұнатпайшы едім,
Сәуір айын ұнаттым дегенмен.

Күмәнмен қарадым алғашында,
Бойды сенімсіздік билеп алғасын ба
Мен өзіңмен кездестім сол күні,
Тұрғанда жан-жүрегім жар басында.

Ұнатамын, оған күмән бар ма,
Ермек емес, жалғыздықтан жалығарға.
Көргім келіп тұрады әрдайым,
Есіме алып, сені сағынғанда

Ендігі еш мойымаймын,
Сөнбейді жалғанда үміт.
Сен барда, еш қорықпаймын,
Қалса да майшам сөніп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар