Өлең, жыр, ақындар

Миллиард жыры

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 322
Халқымның мақтанышын шын қуанған,
Бұл жырға қанша айтсам да сиғыза алман!
Биылғы жылдың жарқын алтын күзі
Бөленді даңқымызға шыңды жарған.
Арайлы Қазақстан туған жерім,
Теңіздей төгілтті дән тыңнан керім.
Отанға миллиард пұт тартты астығын
Тамаша демей мұны мен не дерім!
Қыр еді аң жорытып, киік қашқан,
Қанатын қиғаш қағып бүркіт ұшқан,
Қарасаң бүгін алтын дән қоймасы,
Сарқылмас қазына болды Қазақстан.
Тың жерге көз тұндыра өсіп-өнген
Сарала теңіздей дән басын иген,
Қалайша осы еңбекке мақтанбассың
Тұрғанда қырманда астық асып өрден.
Жайнатқан тыңдағы ерлер алабымды,
Солардан алмаймын көз жанарымды,
Қайтпастан қарлы боран, дауылдардан
Білдің сен тыңды жеңіп аларыңды.
Күшіне ерекше бір күтпей сыйлық,
Тарттың сен еңбегіңді елге сый ғып,
Көтердің ерлігіңмен аймағыңды
Жеңілді жел де ысқырған сенен сыр ғып.
Сендердің жүрегіңдей жалын атқан
Гүрілдеп мотор үні қырды оятқан!
Сол күшпен миллиард пұт бердің дәнді
Қырлардан ұшан қиыр көлбеп жатқан.
Қарасаң қиыры жақ бұл даланың
Жаңғыртты ерлер даңқы қыр алабын,
Ерлерім, еңбегіңе масаттанып,
Сіздермен мен де бірге қуанамын!
Төсіңе Ленин атты орден тағып,
Атағың Қазақстан көкті жарып,—
Жүлде алдың, орденің де еңбегіңнің
Нұры алтын дән болып тұр күндей жанып!
Бұл сыйлық ел төсінде тұрған жайнап,
Алдағы шыңға шырқар жеңіске айғақ!
Жүректен партияға береміз сөз
Ұшуға сұңқардайын көкке самғап.
Мейлі бұл дән толқынын судай тасқан
Көрсін де, дос қуансын, күйсін дұшпан!
Елімнің қырмандары кеңи түспек,—
Ақ бидай кемерінен шалқып асқан!
Отаным, ел күшіне сенімдісің,
Көрдім мен миллиард пұттан елім күшін,
Қазақтың қырынан да дән құйылтқан
Сүйікті партиямыз сенің күшің!

1956



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңіс жылы

  • 0
  • 0

Ақшалап жерді аппақ қар,
Жазық дала,
биік жар
Үстіне күміс кигендей.

Толық

Гүлденген Қазақстан

  • 0
  • 0

Бұлт шеккен Алатаудың шыңына,
Шұғыласын күннің көзі төгіпті,
Жасыл құрақ тәжім еткен суына,
Нарттай қызыл алмалары көрікті.

Толық

Дутар мен домбыра

  • 0
  • 0

Өзге емес, өз елімсің
Өзбекстан,
Көрнекті көрінесің көзге
алыстан!

Толық

Қарап көріңіз