Сексеуіл – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сексеуіл» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4826
Кеште таулар түтіндеп,
Соқты құйын аптығып.
Құм даланы түтіп жеп,
Аш бөрідей жатты ұлып.
Алақ-жұлақ жүгіріп,
Жалғыз өзі жолда ойнап.
Жерден құмды суырып,
Қуалады жолға айдап.
Тілсіз жауға жаланған,
Төтеп беріп кеште бұл.
Жолды сақтап бораннан,
Қалды қалың сексеуіл.
Еккен оны түркімен
Қоймаған соң құм қаптап.
Жолды апат-бүліктен,
Сексеуілдер тұр сақтап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сексеуіл өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сексеуіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сексеуіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сексеуіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері