Өлең, жыр, ақындар

Бұлт үрікті

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 722
Шуағы мол, күн отты,
Бітіп айы көктемнің,
Ойды, қырды түлетті,
Жаңбыр күтпес көктен кім?
Жон тобарсып, күн ысып,
Жаз шағырмақ, жол шаңдақ,
Шөп басы да бүрісіп,
Тамшы тосты тамсаурап...
Тарақталған топырақ,
Жон жыртылған теп-тегіс,
Ақ дән шашқан атырап,—
Аңсап ылғал жатты, егіс.
Десіп шалдар: биылғы
Болар екен жаз қалай?
Агроном да шүйілді
Жер қыртысын қазбалай.
Шопандар да қой жайып
Шоқтығына Үшқонар,
Шында қыран қомданып
Бұлт шақырды түсте бір.
Қомданды ма, сол құс та
Жууға әлде қанатын?
Көк бұлт ойнап алыста
Тына қалды дала тым...
Кенет, алыс: аспанда
Ақ бұлт киіп көк шапан,—
Тау өркешін басқанда,
Қой қайтарды топ шопан.
Болғыл тұман етегін
Самал серпе желдетіп,
Бұлт жаңбырдың жетерін
Сездірді бір селдетіп.
Күн күркіреп көгінде
Бұлт үрікті дүр етіп,
Сілкінді әне егін де
Жер бүйірі дір етіп.
Себелеп ала жөнелді,
Сорғалай кейде ақ жауын,
Жуына түсті жон енді,
Жарқырай түсті жан-жағым..
Шексіз егін етегі,
Қыр құлпыртты нарт гүлді!
Тың жердегі мекені
Қуана дихан қарт күлді.
Алшы киіп қалпағын,
Аша тұяқ қой баққан,
Шопанды шат байқадым
Жазда ән салған аулақтан.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Костер жыры

  • 0
  • 0

Әңгіме ғып жазғанда
Лаулап жанған костёрді,
Алайық еске аз ғана
Балалық қызық дәстүрді.

Толық

Ажалды жеңген ту

  • 0
  • 0

Тебірентіп жиһанды
Сүйепті Ленин сыйлы адам,
Қол ұсынса жеткісіз
Мәңгі өмір бізге сыйлаған.

Толық

Құрметті легион жұлдызы

  • 0
  • 0

Құйдың ерлік жұлдызы
Сәулеңді ер адамға,
Миллион жан өзіңді
Сүйіп, кірді майданға;

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар