Өлең, жыр, ақындар

Қызығам ба, қызғанам ба

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 20.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2496
Қызығам ба, қызғанам ба білмеймін,
Суретшіні кейде ішімнен күндеймін.
Мен жатқанда көлегейлі күңгіртте,
Ол жүріпті бөктерінде күнгейдің
Ол жүріпті бөктерінде күнгейдің
Ал мен неге сол күнгейде жүрмеймін?
Неге мен де қайыңдарды қуантып
Бұтақтарына алтын жапырақ ілмеймін?
Қайда менің өз көктемім, өз күзім,
Қайда менің көк күмбезім, жұлдызым!
Мен қалайша ұжмақ жерге аспаннан
Түсірмеймін жарқылдаған үр қызын?
Қайда менің бояуларым сиқырлы,
Қандай сайтан кеткен бұзып сиқымды?
Қағыңдаршы құдірет берер дабылды.
Ашыңдаршы ащы айқайлап ұйқымды!
***
Сыңғырлап сынып түсті мөлдір әнім,
Тастамай жинайыншы сынықтарын.
Қайтадан құрастырсам тірілер ме,
Тағыда жұрт аузына ілінер ме?
Керенау, күте білмес хрустальды,
Сиқырлы сақтай алмай дыбыстарды,
Аңсаймын, алаңдаймын, ізденемін...
О, мезгіл, үмітімді үзбе менің.
***
Құмдарында даламның, қырларында
Ұшқыш қыран тынбайды күн барында.
Бұлттан да әрі кетеді кезіп көгін
Елеместен желін де, ызғарын да,
Ұшпай қалса сынғаны қанатының,
Қайта аспанға шыға алмай алар, тыным.
Білмейді енді ол көкте болатынын,
Білмейді тек ұша алмай қалатынын.
Ақынның да мінезі қыранмен тең,
Қажет емес шабыттан оған бөтен.
Отқа күйіп, суыққа мұздамайды,
Жыға алмайды жырларын кек пен қайғы.
Тілсіз қалса сынғаны шабытының,
Естімейміз онда біз шабыт үнін.
Білмейді енді ол жерде не болатынын,
Біледі тек белгісіз қалатынын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызығам ба, қызғанам ба өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Қызығам ба, қызғанам ба өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қызығам ба, қызғанам ба өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызығам ба, қызғанам ба өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері