Өлең, жыр, ақындар

Тауда

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3169
Ішінде ақ қардай, аққудай шатырды
Жастанып тауды мен, қиялда жатырмын,
Тіл қатпас тасқа да,
Мұң шақпас мұзға да,
Құс қонбас құзға да
Өзгеден жақынмын.
Тау үнін түндерде дамылсыз тыңдаймын,
Өзім де мелшиген ана бір шыңдаймын.
Есітемін улаған, шулаған ырғағын
Аспанда жел тартқан керней мен сырнайдың.
Жел сайтан шулатып кернейді, сырнайды,
Құздардың мұздарын қыздырып ырғайды.
Шұбырта билетіп, жүгіртпек болады
Төндіріп төменге мың қасірет, мың қайғы.
Төменде ұйқтаған астана қаланы
Топанмен тұрғызбай тастамақ болады.
Тастарды жойқын бір жорыққа бастауға
Толқындар тасқынның дабылын қағады.
Сонда мен қысылып - қымсынып саспаймын,
Қорқытша қобызды сарната бастаймын.
Алысып желменен,
Арбасып селменен,
Шынжырлап тасқынды тұрғызбай тастаймын.
Тулаған толқынды құдайлар білсін деп,
Желді де жырыммен байлаймын тілсімдеп.
Оятып күнді де жіберем ертемен
Қаламның көшесін аралап жүрсін деп.
...Ішінде ақ қардай, аққудай шатырдың
Жастанып тауды мен қиялда жатырмын.
Тіл қатпас тасқа да,
Мұң шақпас мұзға да,
Құс қонбас құзға да өзгеден жақынмын.
***
Кеудемде көлеңкедей кірбеңім жоқ,
Құрбы қорлау дегенді білгенім жоқ,
Белсендінің атына мінгенім жоқ,
Бұлғаймын деп басқаны үргенім жоқ.
Тірлік атты кең дүние өз үйімдей,
Күнім жарық күдіксіз көңілімдей.
Жүрсем бопты өсекшіл сөзге ілінбей,
Қалармын деп қорықпаймын көзге ілінбей.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жол бойында

  • 0
  • 0

Бұл не деген Сарыарқам мол дүние,
Қазақ бұған боп келген қалай ие!
Теріскейге көктемі кеп қонып жатса,
Түстігінде сарғайған шөбі күйіп.

Толық

Кеше, бүгін, ертең

  • 0
  • 0

Кеше ғана бала едім тәй-тәйлаған,
Көлеңкеммен жарысып айқайлаған.
Ұшқан құстың қанатын сұраушы едім
Өз тілімде, үлкенше айта алмаған.

Толық

Кел, жылдарым!

  • 0
  • 0

Декабрьдің соңғы күнін жаптым мен,
Қонақүйдің соңғы есігін жапқандай.
Жаңа жылдың тұңғыш күнін аштым мен.
Жалтыңдаған жарықтардан жасқанбай.

Толық

Қарап көріңіз