Бұл бетте «Қамқор» атты Кәдірбек Құныпияұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шақырмады Шынарды,
Шақырмады Құмарды.
Үйде ойнатып отыр ол
Қарындасы Тұмарды.
Көкейін көп тесетін,
Қиды ойынның нешесін.
Текеметтің үстінде
Тәй-тәйлайды бөпесін.
Жұмыста жүр көкесі,
Дүкенде жүр шешесі.
Олар қайда кетті деп,
Уілдейді бөпесі.
Кәмпит алып мамасы,
Келіп қалар шамасы.
Томпиған қыз Тұмарды
Ойнатады ағасы.
Ұмытты да көшені,
Жаялықты төседі.
Ботақандар осылай
Бауырласып өседі!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі