Ақ тиін – Кәдірбек Құныпияұлы

Бұл бетте «Ақ тиін» атты Кәдірбек Құныпияұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4982
Ақ тиін-ау, ақ тиін!
Сауысқаннан сақ тиін,
Жылы ұяңда жат, тиін,
Жаңғағыңды шақ, тиін.
Ауа райын бақ, тиін,
Бұтақтарды қақ, тиін.
Қаңтарда қар борайды,
Мұздан сырға тақ, тиін.
Ақ тиін-ау, ақ тиін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері