Құлын – Кәдірбек Құныпияұлы

Бұл бетте «Құлын» атты Кәдірбек Құныпияұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 1
  • 13968
Мені көріп тебіренді,
«Құлыным!» – деп еміренді.
Ақ әжеммен еріп үйге,
Сар жайлаудың лебі келді.
Үміті бар өрден күткен,
Ертеңіме сенгендіктен,
«Құлыным!» – деп сүйген шығар
Жылқы жылы келгендіктен.
Отанымның тұғырымын,
Қазағымның бір ұлымын.
Жібек жалы желбіреген
Мен әжемнің құлынымын!


Пікірлер (1)

Нурик

Тупойский ғо

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері