Өлең, жыр, ақындар

Қаңтар

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1919
Қаңтардың айы сұлу, аспан ашық,
Айнадай айналамды ақ қар басып,
Жондарды жарқыратып алыпты орап,
Қойғандай құмшекерді жерге шашып.
Ел сергіп қаладағы, даладағы,
Сықырлап аяқ бассаң дала қары!
Қызартқан қан ойнатып екі бетті
Аяздың сүйіп кейде жалағаны.
Не деген тамаша еді қаңтар айы,
Жұтқанда таза ауаны қан тарайды.
Қарасаң күнге шыңы шағылысқан
Күміске жалатқандай тау торабы.
Мал баққан «Айдарлыда» — отардағы
Шаттанып шопандар да қатардағы.
Қайыспай қыс қонағын қарсы алуда
Қақаған аязда да қаңтардағы.
Ішінде жатқан жылы қамыс қора,
Мойыр ма, жақсы күтсе мал қыста да,
Ақ тонды аға шопан тұр күзетте,
Төлеміс өзіміздің таныс бала.
Төлеміс осы бір кеш қора алдына
Шығып, бар малын түгел қарады да,
Шақырып шопандарын өз үйіне —
Даладан кірді қайтып оралды да
Ол кеткен кезде осы үйге кіріп,
Қорадан айнала ылғи зыр жүгіріп
Қар шашып қасқыр құлақ сұр төбеттер
Қаңқылдап қой күзетіп жүрді үріп.
Аслан — көк, дала — ақ қар, түн тамылжып,
Жымыңдап жұлдыздар да тұр уылжып.
Шопанның отардағы сонда үйіне
Жаңа жыл сәлем беріп кірді жылжып...
Шопандар жаңа жылмен амандасып,
Қарсы алып құттықтаса жалт қарасып,
— «Шашу»,— деп ұшқындарын бұрқ еткізіп
Жіберді шампанның бір аузын ашып!
Осылай келіп жаңа жыл басталды,
Жыл таңы құшаққа алды жерді, аспанды,
Мен дағы жырмен жылды қарсы аламын
Шат көңіл шопандарды, жолдастарды!

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүлге

  • 0
  • 0

Әдемісің бұлбұлдай, қызыл гүлім,
Қонайын деп мен саған келдім бүгін.
Жүрегімді толқытқан сенің өзің,
Сәуле шашқан сен үшін нұрлы күнім.

Толық

Бар дауыспен

  • 0
  • 0

Құрметті
жолдастарым, ұрпақтарым!
Ақтарып
қатқан көнін

Толық

Көңілім

  • 0
  • 0

Жаңа жаным жадырап жайраңдады,
Жада күн шашты әлемге алтын нұрын.
Жаңа шабыт шарқ ұрып, тіл сайрады,
Жеткендей жер түбіне асқақ үнім.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар