Бір басқа жетер күнәм бар – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Бір басқа жетер күнәм бар» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1089
Бір басқа жетер күнәм бар,
Мінсіз емеспін.
Тәңірден барып сұраңдар,
Мұңсыз емеспін.
Сәулелі жаным, біл, аңғар,
Нұрсыз емеспін.
Көңілім жауар тұмандар,
Жырсыз емеспін.
Аспаным биік ашылар,
Күнсіз емеспін.
Хан қызындайын қадірім,
Құнсыз емеспін.
Ішінде ғұмыр кешемін,
Тылсым елестің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері