Өлең, жыр, ақындар

Оң аяқ

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 09.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2250
Күн ұзаққа шөп шауып,
малды бағып,
Таң алдында жантайып қалғып алып,
Отыратын бір мезгіл кілең жесір
Құйттай-құйттай сәбиін алдына алып.
Жадау жүрген көңілді желпіндіріп,
Талпындырып сәбиді, серпілдіріп: —
Келер ме екен көкешің, құлыншағым,
Оң аяғың көтерші,— дейтін күліп.
Көзін алмай барлығы, тынып іштен,
Оң аяққа қарайтын сүйінішпен.
Қыбыр етсе баланың башпайлары,
Кететіндей жуылып күйік іштен.
Қадалатын ынтығып бәрі үзіліп,
Сан құбылып жүздері,
сан бұзылып,
Оң аяқта тұратын осы кезде
Жалғыз арман,
жалғыз ой,
жалғыз үміт.
Әлгі бала талпынып тұрған күліп,
Жалғыз өзі маңайын нұрландырып,
Көтеретін бір кезде оң аяғын,
Үйдің ішін мәз-мәйрам, думан ғылып.
Жеткізгендей хабарын ағалардың,
Мәз-мәйрам боп тұратын бала балғын,
Сәби жүрек сезе ме,
аз да болса,
Көтергенін көңілін аналардың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оң аяқ өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Оң аяқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Оң аяқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оң аяқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері