Асықтық сауық, тойларға – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Асықтық сауық, тойларға» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1745
Асықтық сауық,
тойларға
Ұмытып жадау жоқтықты,
Еркін бір шалқып ойнауға
Мұршамыз келген жоқ тіпті.
Той жақын деген үмітпен
Желбіреп,
Желмен шайқалдық.
Ат қылып ойнар шыбықпен
Шапқылап бұзау қайтардық.
Жаңбыр мен терге жуындық
Денеміз қызып дуылдап,
Қырманға қарай жүгірдік
Бозала таңнан зуылдап.
Ұйқысын бұзып сан қырдың,
Ауаны шумен шайқадық,
Шашырап шықтар,
Шалғынды
Шалғы орақпенен жайладық.
Ақ борандарды қасарған
Алдынан шығып тоқтаттық,
Арқырап жүрген асауды
Арбаға жегіп,
шөп тарттық.
Ұмыттық шалқып ойнауды,
Бір үйдің бір-бір көзі боп,
Тездету үшін тойларды,
Ержету үшін тезірек...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері