Көлеңке – Омарғазы Айтанұлы

Бұл бетте «Көлеңке» атты Омарғазы Айтанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1542
Әлемнің тарғыл теңбілі
Жер бетіндегі
Аласы және құласы;
Күнәсі менен сауабы
Жіктеледі тазасы мен ласы
Екі қара барқын жұқарып тең
Жыртылады сұйылып.
Ақшылдайды бозарып
Бір шаңыт
Сәскеде төбеңнен құбылып.
Жетер ме көзіңнің оты
Бір көлеңкемен бір көлеңкені қуып
Тазартуға
Бірақ ақ көлеңкемен
Екі қара көлеңкені жуып?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері