Роза Бағлановаға – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Роза Бағлановаға» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 3206
Киіктің үйіріліп асығындай,
Ойнақшып тәтті әндерге басуын-ай!
Таулардан, өзендерден, мұхиттардан
Үнінің кідірместен асуын-ай!..
Киіктің үйіріліп асығыңдай,
Ойнақшып тәтті әндерге басуын-ай!
Төгілген көмекейден сыңғыр үнде
Мүлтік жоқ, иненің де жасуындай! 
Киіктің үйіріліп асығындай,
Ойнақшып тәтті әндерге басуын-ай!
Қазақтың мәдениет сарайында,
Бұл да бір бағасы зор асылындай.

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері