Өлең жазу – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Өлең жазу» атты Сағыныш Намазшамова жазған поэзия туралы өлең берілген.

Түннің
табаны тиіп, табы қалған сәттерімде
кіммін?
Күбір-күбір, сыбыр-сыбыр тәтті ерінде,
Шынның
ақша жүзі албырайды дәптерімде.
Көктен
Көкірегіме құйылады жай кеп,
Еппен
сығалайды сыңарымдай Ай кеп.
Пеште
пысылдайды пысынаған шәйнек.
Мен де айқыш-ұйқыш ойларымнан терлеп,
Пенде
тірліктегі тоқтығымды жерлеп,
Емге
толғағымды татамын кеп кермек.
Хаққа
адастырма ақ жолыңнан дейтін
шақта
пері ме, әлде періште ме кейпім,
Соны айыра алмадым.
Датқа
Тағы да бір мезетіңді сұрайыншы,
Ей, түн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері