Кешікпей кел, кездесейік Көк төбеде – Эльдар Ишберген

Бұл бетте «Кешікпей кел, кездесейік Көк төбеде» атты Эльдар Ишберген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жалғанның қылған мынау неткен ісі.
Кездесудің қинады бір шектелісі.
“Кел” десең сен ешқашан тежеу болмайт.
Алматының қаптап тұрған кептелісі.

Әлі ашиды сол жара - қан қалдығы.
Не жазды екен сезімімнің сұм тағдыры?
Жолығуға шақырсаң кедергі емес.
Нөсерлеген қаланың бұл жаңбыры.

Бөгет болмас шаһардың шың тауларыда.
Құштарлығым білмейді не талғауды да.
Сабырсыздық бой алып бара жатыр.
Сағынышым жыр болып құр қалмады ма?

Суып кеткен өзіңсіз жыл көктеміде.
Жаздырмады шіркін намыс өктеміде.
Үн қатайын тағы да үндеу қылып.
Кешікпей кел, кездесейік Көк төбеде.


Пікірлер (1)

Дико

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар