Солдат биі

Бұл бетте «Солдат биі» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2264
(әні бар)

Қандай әсем айлы, жарық,
Самал ескен жазғы таң.
Ерке қызды еске салып
Күлімдейді ақ шолпан.
Туған жердің табиғаты,
Табиғаты,
Қандай көркем тамаша.
Әсемдете ән шырқатып,
Ән шырқатып,
Би билейік тамаша.

Қайырмасы:
Пай-пай, жараса,
Би билейік тамаша.
Пай-пай, таласа,
Би билейік тамаша.

Кел, билейік, бауырластар,
Думанды жас серілер.
Хат жазыпты ауылдастар,
Ару қыздар, перілер.
Қыздың отты жүрегінен,
Жүрегінен,
Қанатты күй күмбірлер.
Солдатпыз қыз сүйе білген,
Сүйе білген,
Біз билемей, кім билер.

Қайырмасы.

Арқалаған уақыт жүгін,
Батыр елдің ұлымыз.
Төккен бізге бақыт нұрын,
Аспанда ашық күніміз.
Кел, достарым, құрбыларым,
Құрбыларым,
Шаттық күйін төгейік.
Тасқындасын нұр бұлағы,
Нұр бұлағы,
Қатарымыз көбейіп.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Солдат биі өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Солдат биі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Солдат биі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Солдат биі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері