Кезеңге шыққанда – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Кезеңге шыққанда» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.02.2018
  • 0
  • 0
  • 2173
Басынан мұнар кетпей көлбеген көк,
Жатыр ғой биік Жоңғар көлденеңдеп.
Сайрамдай сұлу көлін ортаға алып,
Қос тауым,
Сәбиіндей тербеген кеп.
Кездерім еске оралып сайрандаған,
Елжіреп қарап жатыр Сайрам маған,
Бурыл шаш,
Бұйра толқын,
Бұла мінез,
Біздегі ұқсастыққа қайран қалам!
Жаудырап жатыр дерсің жас арудай,
Сұлулық бола бермес аса мұндай.
Қапыда құшақ жазып қалмайын деп,
Талқы тұр,
Көзден бір сәт таса қылмай.
Талқы тұр қыса түсіп жүрегіне,
Тағдырдан жалғыз соны тіледі ме.
Сайрам көл!
Қызың келді қайта оралып,
Тағынып малта тасты білегіне.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері