Сырнай тартты сиқыршы – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Сырнай тартты сиқыршы» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сырнай тартты сиқыршы,
Билеп тұрды бір жылан.
Іс емес пе қитұрқы
Оның несін жыр қылам.
Сылқым болды сылқылдап,
Сипап еді басынан.
Сиқыр сырын сы
рт ұрлап
Сонадайға тасыған.
Білмей жүрген жайт па екен,
Қызық боп па биі осы.
Тамашалап қайтты екен,
Қанша тойдың иесі.
Сырнай сазы таусылды,
Төкті жылан бар уын.
Сиқыршыға жау сынды
Сілтеп жатыр қаруын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері